Сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі туралы

Аиса Махамбет Редактор
27.01.2024, 17:10
10676
Сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі туралы ашық дереккөзден

Ол келін болған әулетімен араласпайтынын да жеткізген.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген әнші Балжан Бидаш жеке өміріне де тоқталды. Айтуынша, күйзелістен енді шығып келе жатқан көрінеді.

«Іштей өзіммен сырластым. Мен әкеме жақынмын. Анаммен сөйлесемін, бірақ қатты сырласпаймыз. Мен әкемнің қызымын ғой. Шынайы қолдау білдіретін құрбыларым бар. Біздің жағдайда мен ешкімді жамандап, жағдайды айтпадым. Қайтадан өшіріп тастайтын жазба жарияламадым. Барынша сабырмен шешуге тырыстым. Шынымды айтсам, оған қатысты ештеңе жазғым келмейді. Сыртынан ештеңе жасағым келмейді. Менің өмірімде маңызды адам болса, оған желіде жазып не істеймін?! Мүмкіндік бар кезде ол әңгімені кездесіп немесе телефонмен айта аламын. Менің ойымша, сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес деп ойлаймын. Жеке өмірді мүмкіндігінше қозғағым келмейді. Өйткені ол қазір менің жанымда отырған жоқ. Ешкімді жамандамаймын», - деген Балжан Бидаш.

Ол келін болған әулетімен араласпайтынын айтып, бұрынғы енесі туралы сөз етті.

«Енем өте жақсы адам болды, бірақ араласып, хабарласпаймыз. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім деп айта алмаймын. Өйткені біз бөлек тұрдық», – дейді әнші.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды