Ырысбала Икрамбай: Үй қордың атына, балалар мемлекеттің қарауына өтеді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
28.01.2024, 15:00
30264
Ырысбала Икрамбай: Үй қордың атына, балалар мемлекеттің қарауына өтеді (видео) коллаж smartnews.kz

7 баланың тағдыры не болмақ?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, блогер, қайырымдылық жасап 100-ге жуық мұқтаж отбасыға баспана алып берген Ырысбала Икрамбай сыйға берген 43 үйдің қандай күйге түскенін көрсеткен еді. Ол 7 балаға арнап берілген дәл сол баспананы қайтарып алатынын жазды.

Оның айтуынша, ол әу баста сол әйелге үй алып бергісі келмеген.

«Бірнеше күннен бері ішім өртеніп,жігерім құмша шағылып жүрмін.
Мен сіздерден кешірім сұраймын,жақсылық жасайтын адам таңдаудан қателестім.

Ашық сөйлесейікші:

О баста білгеннен маған ұнамады, бірақ қайырылмай кетіп қалуға, көздері жәутеңдеген 7 баланың обалына қаламыз ба деп қорықтық.

Бірақ өз баласын ойламаса, халықтың жасаған жақсылығының қадірін түсінбесе, айнадай әппақ үйді мал қора қылса, балалар үшін деп алған үйден балалар жеріп интернатқа қашса, қатынға бала емес бай керек болса не істеу келеді қолымыздан?

«Шілдесінде шырақ көрмеген санасызға айтсаң сөз өтпейді».
Баяғы мың сылтау, денсаулығым жоқ ауырамын.

Еркекпен жүргенде, жатқанда ауруы ұмытылады. Арақ ішуге келгенде ауырмайды. Бірақ балаға қарауға келгенде, үйді тазалауға келгенде, түсіндіруге талпынып сөйлесең ауруы ұстап қалады. Осы жерде қазақтың: БОЛМАҒЫРҒА БОЛЫСПА деген сөзі есіңе түседі. Қазір балаларды интернатқа өткізіп жатса балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі, ертең бұл қатын қараусыз қарттар үйінде өмір сүрмесіне кім кепіл?!», - деп жазды блогер.

Осылайша қайырымдылықпен айналысатын блогер үйді қорға қайтарып, балаларды мемлекет қарауына өткізетінін айтты.

«Не ойлайды екен? Қай жерімен ойлайды? Бір тырнаққа зар болып жүрген қаншама жандар бар. Ал бұған 7 бала берді. Дені сау, он екі мүшесі аман.

Үй қордың атына өтеді. Балалар мемлекеттің қарауына өткені ең тиімді жол секілді. Бұл баспананы жөндеп, салақ-олақ қатынның боғын тазалап, халықтың жақсылығының қадірін түсінетін жандарға беріледі. Ол жандар әлі белгісіз, лайықты жанды Алла жолықтырып жатса, сіздермен бөлісемін!

Бассыздыққа абыройым түседі деп жылы жауып,үндемей қала алмаймын. 
Маған абырой емес,халықтың садақасы шын мұқтажды қуантқаны керек.
Балаларға киімдер алып барып,үлкен баламен сөйлесемін басын ашып.
Балалар адасқан анасы үшін жауапты емес», - деп жазды Ырысбала Икрамбай.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды