Түркістан облысында оқушылар уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты

30.01.2024, 10:12
904
Түркістан облысында оқушылар уланудан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты Кейіпкерлердің архивінен

Қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы kazinform сайты хабарлап отыр.

Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназияның 7-сынып оқушылары Ерсат Әнуар мен Әлғани Сералы газ бен түтіннің улануынан сақтандыратын құрылғы ойлап тапты. Кішкене ғана қорапша үйдің ішін улы газ немесе түтін басса арнайы дыбыс шығырады. Тіпті, телефонға СМС-хабарлама жолдайды. Әсіресе, бұл балаларын үйде жалғыз қалдырып, жұмысқа кететін ата-аналар үшін таптырмас дүние болмақ. Себебі, қауіпсіздік хабарламасы арқылы газ бен түтіннен келер қайғылы жағдайдың алдын алуға болады.

Жас өнертапқыштардың тың жобаны қолға алуына информатика пәнінің мұғалімі Салтанат Ұятбаева көмектесіп, жетекшілік жасаған. Қазір қос жасөспірімнің «Газ бен түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы» жобасы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарына арналған республикалық «Зерде» конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойынша І орынды жеңіп алды. Енді алдағы уақытта республикалық кезеңде сарапқа салынады.

«Қазіргі кез – цифрлы технология заманы. Аталған технология мүмкіндіктерін адам игілігіне пайдалана отырып, газ бен түтіннен улану оқиғаларын болдырмау керек. Осы мақсатта біз газдан, түтіннен уланудан сақтандыратын құрылғы жасадық. Қауіптің алдын алатын жаңа құрылғыға төтенше жағдай мамандары да қызығушылық танытты. Олар бұл құрылғыны газдың сыртқа кетуін анықтауда, өрт сөндіру жүйелерінде, яғни адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланған тиімді, деген пікір білдірді», - дейді Ерсат пен Әлғани.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)