Илон Масктың компаниясы адам миына Neuralink имплантын орнатты

30.01.2024, 12:52
1021
Илон Масктың компаниясы адам миына Neuralink имплантын орнатты canva.com

28 қаңтарда Илон Масктың Neuralink нейротехнологиялық компаниясы алғаш рет адам миына имплант салды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі жазды.

 

«Neuralink импланты бірінші рет адам миына салынды, оның қалпына келуі [отадан соң] жақсы жүріп жатыр», - деп жазды Маск X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Кazinform хабарлауынша, кәсіпкердің атап өтуінше, Neuralink компаниясының алғашқы өнімі Telepathy деп аталады. Бұл чип мүмкіндігі шектеулі адамдардың телефон мен компьютерді ой күшімен басқаруына мүмкіндік береді.

«Бұл чиптің ең бірінші пайдаланушылары алғашқы пайдаланушылары аяқ-қолдарын басқару қабілетінен айырылған адамдар болады», - дейді Маск.

Оның айтуынша, аталмыш құрылғының көмегімен мүмкіндігі шектеулі адамдар өз ойын тез жеткізе алатын болады.

«Стивен Хокингтің жылдам мәтін теруші құрылғыдан да тез сөйлегенін елестетіп көріңізші. Керемет емес пе?! Біз осы мақсатқа жетуді көздейміз», - деп жазды миллиардер.

Маск Neuralink стартапын 2016 жылдың шілдесінде құрған және ол болашақта адам миына имплантациялануы мүмкін чиптерді әзірлеп жатыр.

Кәсіпкердің пікірінше, мұндай нейроинтерфейстер адамға жасанды интеллектіге қарсы тұруға қабілетті киборгқа айналуға мүмкіндік береді, сонымен қатар ой күшін пайдаланып компьютерді тікелей басқаруды үйренуге көмектеседі.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды