Әжетхананың орнына ойын алаңшалары салынады

30.01.2024, 14:45
886
Әжетхананың орнына ойын алаңшалары салынады Otyrar.kz

Бүгінде аудан орталығы саналатын Жетісай қаласында 8343 тұрғын үйде 50 мыңға жуық тұрғын тұрады. 133 көппәтерлі тұрғын үйде 1500 пәтер бар.

Otyrar.kz сайтының хабарлауынша, аудан басшысы Серік Үсенұлы Мамытов арнайы сала мамандарымен бірге көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесуді бастады. Мақсат – тұрғын аулаларында орналасқан әжетханаларды бұзып, кәріз жүйесіне қосылуларына көмектесу, кондаминиум бағдарламасымен қосқабатты көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу бойынша ортақ келісімге келу, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау болып табылады.
 
Қазірдің өзінде аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес тұрғындармен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде кондаминиум бағдарламасы аясында мемлекеттік акт алынған 71 көппәтерлі тұрғын үйдің 44-не оң қорытынды берілген. Ал, 18 үйге жерге орналастыру жобасы жасалған.
 
Кездесу барысында қала тұрғындары кәріз жүйесіне қосылуда кездесіп отырған бірқатар мәселелерге, нақтырақ айтар болсақ, кезінде кәріз жүйесінің тұрғын үйлерге теріс тартылуы салдарынан арақашықтықтың алшақ екендігіне, қажетті трубаларды тарту тұрғындардың қалтасына салмақ салатынына тоқталып, көмек көрсетуін өтінді. Әрбір үйге балалар ойын алаңшасының қажет екенін алға тартты.
 
«Бүгінде қаламызда 810 тұрғын үй ғана кәріз жүйесіне қосылған. Қалғандарының бәрінде әжетхана сыртта орналасқан. Сол үшін де осындай көппәтерлі тұрғын үйлерге балалар ойын алаңшасын сала алмай жүрміз.
 
Біз сіздермен былай келісейік – сіздер қаланың кәріз жүйесіне қосылыңыздар, біз әжетханаларды бұзып, тегістеп, орындарын тазалап ойын алаңшаларын салып берейік», - деді Серік Үсенұлы.
Тұрғындармен жүргізілген түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы 40-тан астам сыртқы әжетханалар бұзылса, биылғы жылдың басынан бері 20-сы бұзылған.
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады