«Іс аяқталды. Қазір іспен танысу жүріп жатыр. Жәбірленуші мен айыпталушы тарап бойынша танысу жүргізіліп жатыр. Тергеу толық аяқталды. Сотқа танысудан кейін жіберіледі. Біз алдымен прокуратураға, кейін олар арқылы сот алады», – деді Сәденов.
«Қуандық Бишімбаевқа қамауда ешқандай жеңілдік жасалмады ма?» деген тілші сұрағына Ішкі істер министрі оның басқалармен бірдей жағдайда отырғанын айтты.
«Бәріне бірдей жағдай қарастырылған. Камерада жалғыз емес, адамдар бар. Күдіктінің тәртібіне қатысты шығам түскен жоқ. Ол сот ісіне дайындалып жатыр», – деді Ержан Сәденов.
Министр сот отырысының ашық немесе жабық форматында өтетінін сот шешетінін айтты.