Astana international university-де Қазақстанның BRICS-ке қатысу мүмкіндіктері талқыланды

31.01.2024, 19:33
668
Astana international university-де Қазақстанның BRICS-ке қатысу мүмкіндіктері талқыланды gov.kz

Astana International University-де Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кейтуметси Сейпело Тандека Мэтьюз ханым «BRICS: жаңа геосаяси шындық» атты дәріс оқыды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Іс-шараға AIU студенттері мен магистранттары, халықаралық қатынастар саласындағы ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың қазан айында, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев BRICS елдерімен қарым-қатынасты нығайтуды көздейтінін және Қазақстанның ұйым әлеуетін дамытуға қатысушы ел ретінде ат салысқысы келетінін мәлімдеген еді.

Сондықтан, AIU басшылығымен кездесу нәтижесінде қол жеткен университет базасындағы BRICS орталығын құру туралы уағдаластық — академиялық және мәдени өзара қарым-қатынаспен қатар, аталмыш ұйымның қызметі мен Қазақстандағы мүмкіндіктерін толық зерттеуге жасалған нақты қадамдардың бірегейі саналады.

Дәріске қатысушылар Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы ынтымақтастық, мәдени-рухани байланыс, ғылыми-тәжірибелік алмасу, ауылшаруашылық, жасыл энергетика және туризм бойынша қарым-қатынастағы артықшылықтарын талқылап, пікір алмасты. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды