Yasawi winter school: педагогтер бір ай көлемінде білімін арттырды

01.02.2024, 17:52
786
Yasawi winter school: педагогтер бір ай көлемінде білімін арттырды gov.kz

«Yasawi winter school» жобасы – Ахмет Ясауи университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін жобалардың бірі. Биыл 2-ші рет ұйымдастырылған мектеп бір айға созылды. Бұл туралы smartnews.kz

Жобаның мақсаты – оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлерінің ғылым, академиялық жұмыс, халықаралық байланыстар және т.б. бойынша білімдері мен біліктіліктерін арттыру, ұжым арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланыстарды нығайту.

Қысқы мектеп барысында Халықаралық байланыстар және қаржылық сауаттылық, сапаны ішкі қамтамасыз ету, стратегиялық басқару және менеджмент, ғылым және академиялық менеджмент апталықтары ұйымдастырылды.

Әр апталық тақырыбына сай семинар-тренингтер өткізілді. Университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен әкімшілік қызметкерлері Түркия университеттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларымен танысып, Болон процессімен жұмыс істеудің қыр-сырын үйренді және қаржылық сауаттылық түсінігі және оның маңыздылығын терең түсінді. Ғылыми-зерттеу жобасын жазудың түрлі әдіс-тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты. Коммерцияландыру жобаларын әзірлеу және басқару жолдарымен танысты. Халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды жоспарлау, бастау, жүргізу, бақылау және аяқтау принциптері мен әдістері туралы білім мен дағдылардың қажетті деңгейін меңгерді. Сондай-ақ, өзге де маңызды тақырыптар бойынша біліктілігін арттырды. Қысқы мектептің қорытындысы – республика көлемінде ұйымдастырылған «Педагогикалық білім беру моделін іске асыру және оның мазмұнын күшейту» жобасы болды.

Білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық құзыреттілік салаларын арттыру және оқу бағдарламаларын (силлабустар) әзірлеу арқылы кәсіби құзыреттіліктерді терең түсіндіруді мақсат еткен айтулы жобаға университеттің 187 оқытушы-профессоры қатысты.

Айта кетерлігі, қысқы мектеп апталықтарына тәжірибелі спикерлер арнайы шақырылды. Нақтырақ, ҚР Ұлттық ғылым академиясынан делегация келіп, ғалымдармен еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған бірнеше мәселе талқыланды. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Дархан Қыдырәлі де қысқы мектепте арнайы қонақ болды. Бұдан өзге де халықаралық және отандық сарапшылар өз тәжірибесімен бөлісті.

Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова:

«Қысқы мектебімізге жан-жақтан жақсы қолдау көрсетіліп жатыр. Сырттан маңызды тұлғалар да қатысуда. Маңызды бастамалар көтерілген бұл шараның өзектілігі жоғары. Қазіргі заманда бірқатар құзіреттіліктерді үйренбесек, алға жылжи алмаймыз. Қысқы мектепті ұйымдастырудағы мақсатымыз да әріптестеріміздің түрлі саладағы біліктілігін арттырып, бәсекеге қабілетті болуына көмектесу болды», - дейді.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды