1092

Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адамды ұстады.

Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
Әлеуметтік желіден

Каzinform хабарлауынша, ол облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан қыстақта жасырынған, деп хабарлайды Каzinform тілшісі.

"Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдардың бірінен, "жедел жәрдем" жүргізушісіне бұзақылық әрекетпен қасақана зиян келтірген 36 жастағы күдіктіні ұстады”, - деп мәлімдеді Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұзақы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істі тергеу қатаң бақылауда.