987

Теміртауда әйелдер полиция бөлімшесі ашылды

Қиындыққа тап балған әйелдерге осылай көмек көрсетілмек.

Теміртауда әйелдер полиция бөлімшесі ашылды
gov.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Теміртауда әйелдер полиция бөлімшесі ашылды. Онда зардап шеккен әйелдер өздерінің проблемалары туралы айтып, қолдау ала алады.

Учаскеде тек әйелдер ғана: ювеналды полиция қызметкерлері, тергеушілер, жедел уәкілдер, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор. Заңгерлер мен психологтардың көмегін алуға болады.

 – Әйел әйелді жақсы түсінеді. Біз қарым-қатынастың мүмкіндігінше сенімді болғанын қалаймыз. Бүгін біз формадамыз, бірақ күнделікті жағдайда біздің дресс-кодымыз - іскерлік костюм. Бізге жүгінген әйелдер формадағы полиция қызметкерін көргенде іштей кедергі сезінбеуі үшін, – дейді аға жедел уәкіл майор Жәния Рахматулина.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар мұнда бір жылға дейін өмір сүре алады. Күніне төрт рет тамақтану қарастырылған, ол үшін асхана бар.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор