«Аукционға қатыс»: Қалаулымның экс-қатысушысы тойына барғысы келетіндерге орын сатты

Аиса Махамбет Редактор
02.02.2024, 14:14
2150
«Аукционға қатыс»: Қалаулымның экс-қатысушысы тойына барғысы келетіндерге орын сатты жеке Instagram парақшасынан

«Жағдайы жоқтар тікелей эфирден тегін қарайды»

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, көпшілікке «Қалаулым» бағдарламасы арқылы танылған блогерлер Мағжан мен Камила АҚШ-қа қоныс аударуға байланысты «Жолаяқ» тойын жасамақшы. Бұл туралы Ernur басылымы жазды.

Алматыдағы ең қымбат мейрамхананы таңдап, 100 орынға тапсырыс берген ерлі-зайыптылар қарапайым адамдардың қатысуына аукцион жариялап отыр.

«Тойға екі-ақ күн қалды, дайындыққа уақытжетпей жатыр. 100 орын дегенбіз, 97 орын толып қалыпты. «Оқырмандарым ше?» деп қалдым сосын. Енді бір стол қосамыз ба, орын да арзан емес ше...

Сосын біз оқырмандарымыздың тойға келуін шештік. «Жолаяқ» тойына 3 орынға аукцион жасаймыз. Қызық болайын деп тұр. Кім қанша ұсынады екен? 24 сағат ішінде анықталады, жеңімпаз 3 адамды сториске саламын», - деп жазды блогер.

Ол сондай-ақ аукционға қатысуға жағдайы келмейтін кісілерге тойды тікелей эфирден тегін көруге кеңес берді. 

«Менің кеңесім: тек той көргіңіз келсе, тікелей эфирден тегін-ақ көре салыңыз. Ал таныстық орнату, мықты орта қалыптастырып, бірге контент жасап, сол ортаны сезінгіңіз келсе, аукционға қатысыңыз. Басында ұялдым, «тойға орын сатқаны несі» деп. Ұйымдастырушылардан дәл осылай сұрадым. Бірақ олар «сіздер орын сатып отқан жоқсыздар, қазақтың тойында міндетті түрде сыйлықтарымен, ақшаларымен келеді, олар солай келе жатыр деп ойлаңыз» деп түсіндірді. Сондықтан, тойға қатысатын 3 адамның құлағына алтын сырға, кәсібіңізге, жеке брендіңізге, инстаңызға пайдалы дүние алып қайтасыз», - деді Камила Әділхан. 

Блогер аукион басталғанын хабарлаған 15 минут ішінде жүздеген адам қатысуға ниет білдіріпті. Арасында 1 миллион, 400 мың теңге және 300 мың теңге ұсынған кісілер бар екен. 

«Мұндайды білгенде тойды тек оқырмандарыма жасап берер едім ғой, шок болдым», - деп таңданды Камила.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды