Мамандар жаңа дизайндағы теңгені қолданғанда мұқият болуға шақырды

Аиса Махамбет Редактор
03.02.2024, 20:21
1224
Мамандар жаңа дизайндағы теңгені қолданғанда мұқият болуға шақырды ашық дереккөзден

Жалған ақшаны қалай ажыратуға болады?

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігі криминалистикалық басқармасының мамандары айналымға шыққан жаңа дизайндағы теңгені қолдану кезінде абай болуға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, мұқият болмасаңыз жалған ақша жасаушылардың торына түсуіңіз ғажап емес. Ол үшін купюралардың ерекше белгілері мен қорғаныш элементтерін жетік білу керек.

Еске салсақ, бұған дейн жаңа дизайндағы 5000 теңгелік банкноталар айналымға шыққанын хабарлаған болатынбыз. Жаңа банкноталардың ерекшелігі қандай? Олардың арасынан жалған ақшаны қалай анықтау керек?  

Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы:

Түсі - қызыл-қызғылт сары. Банкнотаның бет жағында:

- көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы;

- ДНҚ спиралы және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы;

- жәдігер-бүркіт фигурасы түріндегі безендіру белгіленген.

Банкнотаның сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді:

  • «Қалқан» - құндылықтарды қорғау;
  • ежелгі символ - әлемнің төрт құбыласы; 
  • ортасындағы күн белгісі - өмірдің символы.

Банкнотаның сырт жағында қанаты жайылған жәдігер-бүркіттің бейнесі орналасқан. Банкнотаның ортасында Шарын каньонының ландшафты көрінісі орналасқан «шексіздік» қазақтың ою – өрнегінің фон-контуры бар.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды