670

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті

Төтенше оқиға бүгін сағат 02:16-да Осакаров ауданы Молодежный кентінен 10 шақырым жерде Қ.Сәтбаев каналының № 10 ГЭС-інде орын алған. Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

Қарағанды облысында балықшы көлігімен бірге суға батып кетті
Қарағанды облысының ТЖД

Балық аулау кезінде «Renault» жеңіл көлігі мұз астына түсіп кеткен.

"Анықталғандай, көлікте 3 адам болған. 2 адам жағаға өз бетімен шыққан. Оларға медициналық көмек қажет болмады. ТЖД күшімен 1985 жылы туған үшінші азамат іздестіріліп жатыр", – делінген Қарғанды облысы ТЖД хабарламасында.

Ведомство өкілдері қандай жағдай болса да көлікпен мұзға шықпауды ескертеді.