977

63 жастағы той көйлегін киген алматылық көпшілікті тамсандырды

Бұл туралы блогер Бота Әбдіраманова парақшасында ата-анасының қалай өзгергенін көрсетті.

63 жастағы той көйлегін киген алматылық көпшілікті тамсандырды
Бейнежазбадан

Блогердің айтуынша, оның анасы сол күйі той көйлегін кимеген. Бота Әбдіраманова бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ата-анасына той көйлегі мен классикалық костюм кигізді.

63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты? – деп жазды блогер.

TikTok-та бұл видео миллионнан астам қаралым жинап, бойжеткеннің әрекеті оқырманан тарапынан жоғары бағасын алған.  

«Сондай сүйкімді жұп, анасының энергетикасы керемет екен, әкесі қайта жақсы көріп қалған сияқты», «Ата-анаңыз өте әдемі екен», «Ата-анаңызды осылай қуантқан сізге рахмет», - деп жазды оқырман қауым.