Алматылықтар енді құжатты автоХҚО-ға бармай-ақ қала орталығынан ала алады

05.02.2024, 10:54
771
Алматылықтар енді құжатты автоХҚО-ға бармай-ақ қала орталығынан ала алады Азаматтарға арналған үкімет

Алматылық автокөлік иелері онлайн рәсімдеген құжаттарын Мамандандырылған ХҚО-ларға бармай-ақ ала алатын болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының мәліметінше, Алматыда Жандосов көшесі, 51 мекенжайында орналасқан Әуезов аудандық ХҚО ғимаратында онлайн форматта рәсімделген дайын құжаттарды беру секторы жұмыс істей бастады. Мұнда “көлік құралдарын тіркеу” және “жүргізуші куәліктері” бойынша дайын құжаттарды алуға болады.

«Қала тұрғындары онлайн рәсімдеген құжаттарын алысқа бармай, қала орталығынан алу үшін арнайы сектор аштық. Мұнда көлік құралдарына қатысты онлайн рәсімделген құжаттардың дайын нұсқасын алады. Осылайша, көлік иелері уақытын үнемдейді. Қала тұрғындары оның қолайлылығын сезініп те жатыр. Бір ай ішінде мұнда 1787 құжат берілді. Оның 771-і көлік құралын мемлекеттік тіркеу бойынша, 1016-сы жүргізуші куәліктері», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары Айнаш Аубакирова.

Дайын құжаттарды беру секторы дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Айта кетейік, Алматыда сондай-ақ "AllurAuto", "Hyundai", "Mycar" "Aster auto" "Chanqan» сияқты 9 автосалонда АвтоХҚО мамандары көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттарды қабылдап отыр.

Еске салайық, Алматыда автокөлік иелеріне арналған 4 Мамандандырылған ХҚО жұмыс істейді. Олар:
№ 1 мамандандырылған ХҚО - Алатау ауданы, Саялы шағынауданы, Аққайнар көшесі, 1
№ 2 мамандандырылған ХҚО - Түрксіб ауданы, Б. Майлин көшесі, 240а
№ 5 мамандандырылған ХҚО, Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, Құлжа тас жолы, 9 к
№ 6 мамандандырылған ХҚО - Жетісу ауданы, Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118.

“Өткен жылы Алматы қаласының Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы 1,3 (1 280 252) миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді”, - деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының баспасөз қызметі.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды