Сарыағашта мектептегі әрлеуден кейін оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланып қалды

05.02.2024, 20:43
815
Сарыағашта мектептегі әрлеуден кейін оқушылар мен мұғалімдер жаппай уланып қалды inform.kz

Қазіргі таңда прокуратура мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы inform.kz хабарлап отыр.

 

Әлеуметтік желіде Сарыағаш ауданында мұғалімдер мен оқушылардың жаппай уланғандығы жайында ақпарат тарады. Онда Майлықожа атындағы №9 мектепте жүргізілген әрлеу жұмыстарынан соң, сабаққа келген 100-ден астам оқушы мен 10-ға жуық мұғалім уланып, дәрігерлерге жүгінгені жазылған. 

Ал, аталған жағдайға байланысты ақпарат таратқан Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі мәселе бақылауға алынғандығын мәлімдеді.

«Дүйсенбі күні оқушылар мен мұғалімдер мектепке келгеннен кейін өздерін жайсыз сезініп, мектеп медбикесі алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдем шақырып 29 бала, 10 мұғалімді ауруханаға тексеруге алып барған. Ауруханаға алып кеткен барлық 29 оқушы, 8 мұғалімнің жағдайы бірқалыпты болғаннан кейін, үйлеріне қайтарылды. Қалған 2 ұстаз ауруханада.

Оқушылар алдағы 3 күнде қашықтықта білім алатындығы туралы шешім қабылданды.

Оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі қатаң бақылауда», - делінген ведомства тарапынан ұсынылған ақпаратта. 

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы бүгін Сарыағаш ауданына арнайы барып, мектеп ұжымымен және ата-аналармен кездесті. Екі жақтың уәждерін тыңдап, мәселенің тұрақты бақылауда болатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, қазір аудандық прокуратура мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тергеп тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесіне сәйкес, мектеп директорына және жауапты орынбасарларына тиісті шаралар көрілмек.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды