Отставкаға кеткен Үкімет қымбатшылықты ауыздықтай алмады – Ермұрат Бәпи

06.02.2024, 13:38
619
Отставкаға кеткен Үкімет қымбатшылықты ауыздықтай алмады – Ермұрат Бәпи Ермұрат Бапидің жеке архивінен

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи отставкаға жіберілген Үкімет күрделі экономикалық міндеттерді атқара алмады деген ойын білдірді.

 

«Үкіметтің отставкаға кетуі кешегі күннің тарихы, оны қаузай берудің қажеті жоқ. Өткен жылы мен Әлихан Смайыловтың Үкімет басшысы болуына қарсы дауыс бергем. Ә.Смайылов жақсы жігіт болғанымен, ол премьерлік функцияны атқаруға шамасы жетпеді. Отставкаға кеткен Үкімет қымбатшылықты ауыздақтай алмады, кедейшілікке қарсы үкіметтік бағдарлама жасай алмады. Ол Үкімет өрт сөндіру қызметін атқарды, қай жерде өрт, қайда апат — соның жауабымен ғана айналысты. Елдің күрделі экономикалық жағдайында отставкаға кеткен Үкімет өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмады», - деді Ермұрат Бәпи.

Одан бөлек, депутат жаңа Үкімет басшысы ретінде «Amanat» партиясы ұсынған Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдайтынын айтты.

«Негізі менің жорамалымда Олжас Бектеновтің кандидатурасы жоқ еді. Бұл тұрғыда мен Президенттің көзқарасынан алшақтау болған екенмін. Қазір ойлап отырсам, өтпелі кезеңде аталған кандидатура қажет. Қазір елдің бюджеті дефицит жағдайда, оның үстіне қазынаны инвестиция құюмен толтыру болмайтын нәрсе, өйткені ол үстеме пайызбен қайтарылатын дүние. Менің ойымша, бюджетті толтырудың әдісінің бірі ел ішінде және шетел асқан активтерді қайтару. Мен ойлаймын, Олжас Бектенов Үкімет басына келсе, Президент алдымен заңсыз кеткен активтерді қайтаруды міндеттейді. Әрине, О.Бектенов бұған дейін әкім не министр болмаған, бірақ ол Президент әкімшілігін басқарып, бір жылдың ішінде оның көкке өрлеуі құстың самғауындай болды. Одан бөлек, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы болды, демек заңсыз шетел асқан қаражат, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы оған таңсық емес», - дейді ол.

Оның айтуынша, ұрланған активтерді қайтарып, ел экономикасына жұмсау қажет.

«Әрине, жаңа Премьер-Министрдің кім болатынын түстен кейінгі жиында білетін боламыз. Президент те өз пікірін айтатын шығар», - деп қорытындылады халық қалаулысы.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды