Қазақстанда 9-20-25 бағдарламасының қашан басталатыны белгілі болды
Бүгін үкіметтегі брифинг кезінде вице-премьер Роман Скляр 9-20-25 бағдарламасы қашан басталатынын мәлімдеді
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып, «9-20-25» бағдарламасының қашан іске қосылатынын айтты.
«Сұрағыңызға қысқаша жауап берейін. Аталған бағдарлама іске қосылады. Республика бюджеті мен «Отбасыбанктің» бірлесіп қаржыландыруы арқылы іске қосылады. Сондықтан Әлихан Асханұлы (бұрынғы Премьер-Министр – ред.) айтқан мәселе пысықталған. Ол белгіленген мерзімде іске асырылады», - деді Роман Скляр.