Түркістанда жалдамалы пәтерден 2 баланың мәйіті табылды
Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі баланың мәйіті табылды.
Aikyn.kz хабарлауынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлім себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.
- Қазіргі таңда болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда. Тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұраймын, - деді Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.