2767

«Кішкентай блогер»: Алтынай Жорабаева 1 айлық қызына Instagram парақша ашып берді

«Неге салдыңыз?» дейді әншінің оқырмандары.

«Кішкентай блогер»: Алтынай Жорабаева 1 айлық қызына Instagram парақша ашып берді
жеке Instagram парақшасынан

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, осыдан бір ай бұрын бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева желіде сәбиінің суретін жариялап, оған жеке парақша ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Алтынай Жорабаева қызы бір айға толған соң, оған жеке парақша ашуды жөн көрген.

"Аллаға шүкір. Бүгін Амина Алишерқызы 1 айға толды. Амина қызымыздың парақшасын аштық", - деп жазды әнші Instagram желісінде.

Желі қолданушылары өнер иесінің қызына жылы лебізін білдіруде.

"Бауырсақ қой, мына қыз", "Тәтті балапан, өмір жасы ұзақ болсын", "Сүйкімді арудың өмір жолы әркез ашық болсын", "Денсаулығы мықты болып, сіздің мақтанышыңыз болып жүре берсін", "Неге салдыңыз? Енді бұл балапанды иіскеп алғым келіп тұр", - деп жазуда көпшілік. 

Алайда әншінің қызына парақша ашып, оның суретін жариялағанына қарсы шыққандар да табылды. Олар кішкентай нәрестені көпшілікке көрсетуге болмайды деп жазуда.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор