11054

«Вокзалдар мен базарларды ұстаған»: Алматыда «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелері қамалды

Алматы қаласында темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды.

«Вокзалдар мен базарларды ұстаған»: Алматыда «Айшуақ-Жантүгел» қылмыстық тобының мүшелері қамалды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтап, жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адамды ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды. 

«7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық «қамқорлығын» көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды», - делінген хабарламада.

ІІМ мәліметінше, олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген.

«Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады», - деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор