Ақтүтек боранда шақыртуға шыққан ақтөбелік фельдшерлер діттеген жерге еңбектеп жеткен (видео)

08.02.2024, 20:32
1935
Ақтүтек боранда шақыртуға шыққан ақтөбелік фельдшерлер діттеген жерге еңбектеп жеткен (видео) видеодан алынған кадр

Діттеген жерге бір сағатта әрең барған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем қызметінің аға фельдшері Сая Рысбай ақтүтек боранда медициналық көмекке мұқтаж жанның шақыртуына қалай жеткенін айтып берді. Әріптес фельдшерлер жарты жолда көлігін тастап, белуардан келетін қар кешіп, діттеген жерге бір сағатта әрең барған. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды. 

Оқиға 8 ақпан күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болған. Сая Рысбек әріптестерімен бірге белден келетін қар мен ақ боранда шақыртуға бара жатқан сәтін видеоға түсіріп алған.

"Белден келетін қар. Осы көшені соңына дейін жүруіміз керек. Мынау төртінші көше. Жете алмай жатырмыз. Аяқ киіміміз де қалып қойып жатыр. Біз сіздер үшін жұмыс істейміз. Ауырмаңыздар. Сіздерден өтініш, жедел жәрдем қызметін аса маңызды жағдайда ғана шақырыңыздар. Бәрімізде әке-шеше, бауыр бар. Барлықтарыңызды түсінеміз", - дейді ведио авторы.

Оның айтуынша бейнежазбаны дәлел ретінде диспетчерге түсірген.

"Целинная мекенжайынан хабарлама түсті. Тұрғын жүрек ауруымен шағымданды. Осы мекенжайға бардық. Көлік жете алмаған соң жаяу жүруге тура келді. Жарты жол ашылмаған екен, көмек көрсетіп қайттық. Негізі сол күні шақыртулар көп түсті. Қолдан келгенше ТЖБ-ға хабар бердік. Әкімдік те көмектесті. Бәрі белсенді жүрді. Көлік тасжолда тұрды. Сол кезде бір сағаттай жүрдік. Жел қатты болды. Адамдар да түсіністікпен қарады. Жылы жүзбен қарсы алды", - деді аға фельдшер Сая Рысбай.

Ол жедел жәрдем қызметінде 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Айтуынша, Самара - Шымкент тасжолы өтетін Хромтауда төтенше жағдай жиі болады.

Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысының аумағында қолайсыз ауа райы әлі де сақталуда. Хромтау және Әйтеке би аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

"Қазір хабар-ошарсыз кеткен ешкім жоқ. Бірақ әлі де шақыру түсіп жатыр. Қобда ауданында денсаулығына байланысты шақырту болды. Әйел адамды Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізу үшін аудандық ТЖБ-ға тапсырма берілді. Кешегі күнге қарағанда қоңырау азайды. Қазір Ақтөбе облысында жол талғамайтын 10 трэкол бар. Сонымен бірге 8 вахтовка бар. Шақыртуға уақытылы жету қиындық туғызып тұр. Ештеңе көрінбейді. Соған қарамастан құтқаруға бара жатқан көліктердің алдында біздің құтқарушылар жаяу жүрді. Сөйтіп зардап шеккен, жолда қалған азаматтар құтқарылды. Ол әлеуметтік желіде айтылып жатыр. Бүгінгі уақытта кей ауданда жел бәсеңдеді. Жолда қалған көліктерге қандай көмек керек екенін білдік. Жанар-жағармай қажет болса, жергілікті атқарушы органмен бірге жанар-жағармай, азық-түлікпен қамтамасыз етіп жатыр", - деді Ақтөбе облысы ТЖД басщысы Нұрғали Жүнісов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды