«Туфлиімнің өкшесін қағып берген жігітке тұрмысқа шықтым»: Гүлнар Сиқымбаева алғаш рет жолдасы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 16:25
3396
«Туфлиімнің өкшесін қағып берген жігітке тұрмысқа шықтым»: Гүлнар Сиқымбаева алғаш рет жолдасы туралы айтты видеодан алынған кадр

Әнші жарының өзге ұлт өкілі екенін де алғаш рет айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ҚР еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаева “Мақсатына жеткендер” бағдарламасында жарының қазасынан кейін алғаш рет ел алдына шығып сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Әнші жарының өзге ұлт өкілі екенін де алғаш рет айтты. 

“Біз “Гүлдер” ансамблінде жүргенде таныстық. Ол кісі аппаратураларды жөндейтін, дыбыс қоятын маман болды. Осы күнге дейін айтпаған едім, өзге ұлт өкілінің адамы еді. Славян тектес ұлтқа жатады. Бір күні концертке шығайын деп тұрсам, туфлиімнің өкшесі сынып қалды. Өзімнің де салмағым ауыр ғой. Менің алдымда Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер ән айтып болды. Дайындық кезінде сол жігіттің балғамен колонканы ұрып жатқанын көргенмін. Сахнаның сыртынан сол жаққа қарай жүгірдім. Қолындағы балғасымен екі-үш рет қағып жіберді. Мені хабарлап жатыр. Содан ентігіп сахнаға шықтым. Ол жігіт болмағанда жалаңаяқ шығушы едім. Ертеңіне рақметімді айтып, грим бөлмесінде шай бердім. Ол маған гүл сыйлады. Содан жарасып кеттік. Ол менің өнерімді қолдады. Гастрольден келгенде қамыр жайып, ет асып отыратын. Шаршап келдің деп, аяғымды жылы суға салатын. 38 жыл бірге өмір кештік. Марқұм жолдасым туралы өткен шақта айту өте қиын”, – дейді өнер иесі.

Сонымен қатар өнер иесінің ата-анасы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққанына қарсы болған. Тіпті әкесімен ат-құйрығын кесіскен. 

“Әкем өте қатты қарсы болды. 5 жыл бойы бір-бірімізді көрмедік. Мүлдем хабарласпай қойды. Керісінше, барған жерім керемет қарсы алды. Шешесі мен әпкесі ғана болды. “Біздің жұлдызымыз” деп енем ештеңе істеткен жоқ. Менің жұмысым – тек ән айту, концертке қатысу. Жолдасым да үйдің тірлігін істей беретін. Өнерден де, отбасыдан да жолым болды. Бірақ жолдасым ұлымды сүндеттегенде қатты ренжіді. Мұсылман болғанына ренжіген жоқ, баланы текке қинадық деді. Менің тегімді берді. Байыр Сиқымбаев болып ұлым жазылды. Сол ұлымнан бір немере сүйіп отырмын”, – деді әнші.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды