«Ұл керек екен». Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова өмірдегі өкінішін айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 16:51
1692
«Ұл керек екен». Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова өмірдегі өкінішін айтты видеодан алынған кадр

«Ұлымның болмағанына қазір өкінемін» дейді продюсер.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, отандық киноиндустрияны дамытып жүрген белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова мансапқа беріліп, ұл туып алмағанына өкінетінін айтты. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Туыстар тарапынан болған шығар. Алайда ешкім бетіме келіп айтпады. Күйеуім ешқашан "Ұл керек" деп айтпаған. Қазір "Неге үшеу-ақ туғанмын" деп ойлаймын. Жас кезде, физиологиялық тұрғыдан мүмкіндік бар кезде, көбірек баланы дүниеге әкелген дұрыс. Үшінші қызымды босанғанда, 27 жаста болдым. Содан кейін не істеп жүрдім? 33 жасымда, 35 жасымда не ай қарап жүрдім? Тағдыр солай шығар. Айтып отырмын ғой, маңдайыңа жазылса, көзің байланады. 30-бен 50 жас аралығы мансабымдағы ең белсенді уақыт екен. Осы жиырма жыл тынымсыз жұмыс істеппін. Оған дейін отбасы, бала босанумен айналыстым ғой, - дейді продюсер.

Дегенмен, продюсер үш қыздан соң тағы бір рет босанбағанына өкінетінін айтты.

Жиырма жылдың қалай өткенін білмей қалыппын. Оның жемісін де көріп жатырмын. Бірнәрсе дейін десем, асылық болады. Қатты берілгенім соншалық "Мен әйелмін ғой. Маған ұл керек шығар" демеппін. Ол ұл күйеуімнен гөрі маған керек қой. Құрбыларым ұлын үйлендіріп, құдағи болып, келін алып жатыр. Қызық. Киіт алып, қоржын жасайды. Үйге қандай келін келетінін уайымдайды. Ұлымның болмағанына қазір өкінемін. Маған ұл керек екен. Соны жастау кезінде неге түсінбедім екен. Ұл болсын, қыз болсын неге тағы 1-2 сәби босанбағаныма өкінемін. Күйеуім сұрамады. Ешкім ештеңе демеді. Тек шешем ғана "Ұл деген керек. Қаншаға келсең де, бір ұл туып алсайшы" деп қанша рет айтты. Үш қызды Алла менің маңдайыма, күйеуімнің маңдайына жазған шығар. Ұлдың өз орыны, қыздың өз орыны бар екен. Анаға ұл да, қыз да керек екен. Мен соны енді түсіндім, - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды