«29 апта, 1,5 келі, 49 см»: Төреғали Төреәлінің әйелі денсаулығында кінәраты бар тұңғышы туралы айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 17:07
3100
«29 апта, 1,5 келі, 49 см»: Төреғали Төреәлінің әйелі денсаулығында кінәраты бар тұңғышы туралы айтты жеке Instagram парақшасынан

Әншінің жары денсаулығында ақауы бар бала тәрбиелеп отырған аналарды сабырға шақырды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі, блогер, мотиватор Толқын Тұрарбек денсаулығында ақауы бар тұңғышы туралы айтып, жас аналарға кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Блогер – 5 баланы дүниеге әкелген көпбалалы ана. Тұңғышы Кәусардың денсаулығында туабітті кінәраты бар екен. 

“Сән қызымыз Кәусар туралы ашылып айту да біраз уақытты талап етті. Қызым 29 аптасында, 1,5 келі, 49 см болып туды. Туа сала жансақтау бөліміне алып кетті. Тек апараттың көмегімен демалып жатты. Баланың жағдайы ауыр дегенді есту қандай қиын. Сол қиындықты жеңдік. Қазір сол күндер көрген түстей өтіп кетті. Толық жазылып, қатарластарына қосылып кетпесе де, денсаулығы қалыпты. Мектеп бағдарламасына ілесті. Қызымның жағдайына өзімді кінәлайтын едім. Қазір ондай сезімнен арылдым. Ол өте ақылды қыз болып бойжетті. Өте төзімді әрі шыдамды. Алланың бар екеніне сенеді. Шай үстінде бізге жол сілтеп, ақыл айтады”, – дейді жас ана. 

Сонымен қатар ол денсаулығында ақауы бар бала тәрбиелеп отырған аналарды сабырға шақырып, тәжірибесін бөлісті. 

“Аудиториямдағы әр анаға жеткізгім келетіні – бәрінің бітетін шегі бар. Қазір қиналып жүрсеңіз, ертең осы күнді есіңізге алмауыңыз да мүмкін. Бірақ балаңыздың психологиялық мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Біздің айнамыз – балалар. Ең бастысы мүмкін емес нәрсе жоқ. Өзімізді өзгертейік, балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Өзіңізді де жазғырмаңыз. Әр нәрсенің қадіріне уақытында жету керек деген кеңес айтар едім. Баламен үйде отырмын деп жұрттың өміріне қызыға қарауды тоқтатыңыз. Бір білерім, ана өзінің жеке басындағы проблемаларының ақысын баласынан алуы, оларды шеше алмай өзінен-өзі ашуланып жүруі, баланың психикасына әсер етеді екен. Мен Кәусарды емдетемін деп жүргенде Тоғжанды көтердім. Оның артық балалығын көтере алмайтын едім. Сол үшін оған дауыс көтеріп, өзімді ақтадым. Мұның бәрін кейін түсіндім. Ол мен үшін үлкен тәжірибе” – дейді блогер. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды