«Шақырмай жүргеніне ренішім бар»: көрінбей кеткен әнші Гүлнар Сиқымбаева жан сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 18:21
1587
«Шақырмай жүргеніне ренішім бар»: көрінбей кеткен әнші Гүлнар Сиқымбаева жан сырын ақтарды видеодан алынған кадр

«Концерт ұйымдастырушыларына өкпем бар» дейді өнер иесі.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші Гүлнар Сиқымбаева бірнеше жыл бойы тыңдарман назарынан тыс қалған. Өнер иесі "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында концерт ұйымдастырушыларына өкпесін айтты. Бұл туралы nur.kz жазды.

Өнер иесінің айтуынша, ол бірнеше жылдан бері Қазақ Ұлттық Қыздар университетінде сабақ береді екен.

Он жылдың көлемі болды, жоғары оқу орынында сабақ беремін. Вокал дейді ғой, ән үйретуден сабақ беремін. Өнерге өкпем жоқ. Өнер арқылы елге танылдым. Өнердің арқасында елден бата алдым. Алматыға өнер іздеп келіп, тұрмысқа шықтым. 

Біздің жасымызда көп жерге концертке шақыра бермейді. Өйткені, қазір күніне оншақты әнші шығып жатқаны өтірік емес. Біздерді шақырмай жүргеніне ренішім бар. Өнерге өкпем жоқ. Бірақ концерт ұйымдастырушыларына өкпем бар. Жаңа әндер жазылып, жастықтың астында жатыр. Шақырып жатса, жаңа әндерім дайын, - деді Сиқымбаева.

Сонымен қатар әнші жеке кешін қаржы мәселесіне байланысты өткізе алмайтынын мәлім етті.

Қазір жеке кешімді өткізу үшін Республика сарайын жалға ала алмаймын. Үш мың халық жинай алмаймын. Ол кезде билеттің бағасын көтеру керек. Көзге көрінбейтін заттар көп. Шақырған әншілерге де беру керек. Қаржы мәселесі қиын. Ал Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында жылда жеке кешімді өткіземін. Мүмкін өзім де дұрыс есікті қаға алмай жүрген шығармын. Өзім кінәлімін, - деді өнер иесі.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды