Алматыда Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме өтеді

09.02.2024, 18:26
1443
Алматыда Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме өтеді ашық дереккөзден

«БЕЙСЕН. БИІК БОЛМЫС» көрмесі қазақ тележурналистикасының қайраткеріне арналмақ.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Алматы музейінде 2024 жылғы 12 ақпанда сағат 16.00-де белгілі журналистқоғам қайраткері, тележүргізуші Бейсен Құранбектің өмірі мен шығармашылығына арналған «Бейсен. Биік болмыс» атты көрменің ашылуы өтпек.

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының иегері, Талдықорған қаласының құрметті азаматы, халқымыздың біртуар перзенті Бейсен Құранбек 1971 жылы 9 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметтерінен бастаған.

Бейсен Құранбектің шығармашылық өмірі Алматы қаласымен тығыз байланысты. Осында оқып, осында еңбек жолын бастаған Бейсен өзінің шығармашылығының айқын, жарқын парақтары қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауға арналған «Айтуға оңай» мен «Қарекет» бағдарламаларын Алматы қаласында дайындап, Алматы қаласында түсіріп, елге таратты.

Көрмеде журналистің фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, киімдері, жеке заттары, қолжазбалары және спортта жеткен жетістіктері кубок, дипломдары т.б. ұсынылады.

Көрменің ашылуына қазақ телевизиясының майталмандары, танымал журналистің әріптестері мен шәкірттері қатыспақ.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды