Таразда оқушы қыз сыныптасының мойнын кесіп жіберген: полиция тергеу бастады

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 19:33
1799
Таразда оқушы қыз сыныптасының мойнын кесіп жіберген: полиция тергеу бастады tengrinews.kz

«Қазіргі таңда мектеп директоры мен психологы өз еркімен жұмыстан кеткен» деді білім басшысы.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Таразда 9-сынып оқушысы өз сыныптасының мойнына пышақ жарақатын салған. Шабуыл жасаған қыз бала психикалық диспансерге жатқызылған. Ал полиция осы дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

Оқиға қаладағы мектептердің бірінде болған. А есімді оқушысы кешкісін С есімді сыныптасын саябаққа серуендеуге шақырады. Құрбысымен қыдырып жүріп, кенет қас қарайғанда С-ның тамақ тұсына суық қару сілтейді. Құрбысының қолынан жарақат алған оқушы үйіне әзер жеткен. Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, қазір ол мойын жарақатын тіктіріп, үйінде ем алып жатыр.

Сондай-ақ, мектеп әкімшілігіндегілер шабуылдаған оқушы психикалық диспансерге жатқызылғанын хабарлаған. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанын полиция департаменті өкілдері растады. 

"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Басқа мәлімет Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша жариялауға жатпайды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері. 

Ал қалалық білім басқармасы өкілдері күдікті бұрын бірнеше рет осындай іс-әрекеттерге талпынғанын анықтаған.

"Күдікті қыз бір емес, бірнеше рет осындай ықтимал іс-әрекеттерге барған. Бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Қазіргі таңда мектеп директоры мен психологы өз еркімен жұмыстан кеткен", - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова. 

Айта кетейік, Тараздағы 60-тан астам мектептің 58 оқушысы бұзақылық бойынша полиция департаментінің тізімінде тұр. Ал білім бөлімінің тізімінде 120 оқушы бар.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)