«Күйеуіне байланысты»: Жазира Байырбекова көп жылдан кейін сәбилі болған әйелдің сырын айтты

Аиса Махамбет Редактор
09.02.2024, 20:17
1598
«Күйеуіне байланысты»: Жазира Байырбекова көп жылдан кейін сәбилі болған әйелдің сырын айтты жеке Instagram парақшасынан

Өнер иесі Instagram парақшасында көп жылдан кейін сәбилі болған әйелмен сырласқанын айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде қоғамдағы өзекті мәселені қозғады. Өнер иесі Instagram парақшасында көп жылдан кейін сәбилі болған әйелмен сырласқанын айтты. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

"Көп жылдан кейін балалы болған отбасының қуанышына бардым. Қонақтар күйеуіне рақмет айтып , "Әйеліңді тумадың деп тастап кетпей, шыдадың" деп арқасынан қағып жатыр. Әйелінің жанарында мұң. Шыдай алмай, оңаша шақырып, әйелімен сырластым. Ұзақ уақыт бала болмағаны күйеуінің денсаулығына байланысты екен. Оны туған-туысы білмейтінін және өзінен көріп, талай сөз тигізгенін айтты. Неге? Ер адамның балалы болуға мүмкіндігі болмағанын, табыс таппайтынын, қол жұмсайтынын, мазасын алатынын және әйелінің тапқанын алып қоятынын неге қазақ әйелдері, қыздары жасырады? Бұл біздің қоғамның "Ерін сыйлайды" дегенінің жақсы жағы ма? Әлде әйелдің көңілі көк тиын дейтін жаман жағы ма?", - деп жазды Байырбекова.

Ал желі қолданушылары бұл тақырыптың өзекті екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.

"Ер адам әйелін қорғай алмаса, солай болады", "Қазақтың әйелі мықты ғой", "Қашан да сөз бірінші әйелге тиеді", "Әйелдің көңілі көк тиын" дегені ғой", "Санамызға құйып қойған. Сол үшін көп нәрсеге шыдаймыз", - деп жазды желідегілер.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды