1053

Жетімдер үйінің тәрбиеленушісі тұрғын үй кезегіне байланысты Қарағанды ​​әкімін сотқа берді

Cотталушылар бір ай ішінде барлық заң бұзушылықтарды жоюға міндеттелді.

Жетімдер үйінің тәрбиеленушісі тұрғын үй кезегіне байланысты Қарағанды ​​әкімін сотқа берді
krg.sud.kz

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Қарағанды ​соты ​қала әкімі мен тұрғын үй қатынастары бөліміне қатысты талап арызды қарады. Бұл туралы облыстық сот жазды.

Балалар үйінің тәрбиеленушісі болған Т мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіндегі санатын өзгертуді сұраған. Ол 2014 жылдың 8 шілдесінен бастап "Толық емес отбасы" санаты бойынша кезекте тұр. Тұрғын үй қатынастары бөлімі оның Теміртау қаласындағы балалар үйінің түлегі екенін және "Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" санаты бойынша есепке алынғанын ескермеген.

03.05.2023 жылы Т санатты өзгерту туралы өтінішпен департаментке жүгінген. 2023 жылдың 26 ​​мамырында департамент өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Сот отырысында әкімдік өкілдері талапкердің құжаттарында балалар үйі туралы мәліметтердің болмағанын айтты. Олар жетім баланың 2014 жылдың 8 шілдесінен бері "Толық емес отбасы" санаты бойынша кезекте тұрғандықтан құқығы бұзылмағанын айтты.

"Сотта анықталғандай, талапкер 2003 жылдың 12 ақпанынан 2007 жылдың 7 қыркүйегіне дейін интернатта тәрбиеленіп, мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілген. Әкімдіктің тиісті санат бойынша уақытылы тіркеу жүргізбеуі, азаматтың  құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқты”, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысының соты.

Cотталушылар бір ай ішінде барлық заң бұзушылықтарды жоюға міндеттелді. 

Материал авторы