Тұншықтырған: Түркістанда болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2024, 10:14
1207
Тұншықтырған: Түркістанда болған оқиғаға қатысты тың дерек шықты ашық дереккөзден

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, келіншек балаларды өлтірейін деп жатқанын айтқан.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша,Түркістан қаласында екі баласын өлтірген әйелдің ісі бойынша тың деректер жарияланды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Істі тергеумен Түркістан облыстық полиция департаменті айналысуда, - деп жазды Закиева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол әйел жалдамалы пәтерде екі баласын тұншықтырып өлтіріп тастаған. Одан кейін қашып кеткен. Жол-жөнекей құрбысына хабарласып, балалардың қайтыс болғанын және жалдамалы пәтердің мекенжайын айтқан.

Құрбысы полицияға хабар берген. Оған бірден іздеу жарияланды. Сол күні екі баласын өлтірген әйел Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Қызылорда облыстық білім басқармасының мәліметінше, ұсталған әйел Шиелі ауданындағы №46 мектепте он жылдан бері мұғалім болып жұмыс істеген. Педагогикалық қызметте бірқатар жетістікке де жеткен. Диспансерлік есепте жоқ. Ата-енесі бар, жұбайымен бірге тұрған. 7 ақпанда жұмысқа келмеген.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі (адам өлтіру, екі немесе одан көп) бойынша он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру не өмiр бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді