«Танымал адамдар ақша салып жіберді»: боранда шақыртуға барған фельдшерлер сый-сыяпат алды

10.02.2024, 14:00
1200
«Танымал адамдар ақша салып жіберді»: боранда шақыртуға барған фельдшерлер сый-сыяпат алды Ақтөбе облысының әкімдігі

«Әлеуметтік желіден көп алғыс хат келді» дейді фельдшер.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ақтүтек боранда жарты жол жаяу омбылап, науқасқа медициналық көмек көрсетуге барған фельдшерлерге желіде қолдау білдіріп жатқандар көп. Әншілер мен блогерлер ақшалай сыйлығын салып жатыр. Желінің жұлдызына айналған медицина саласының қызметкерлерін облыс басшысы Асхат Шахаров та арнайы барып құттықтады.

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының жедел жәрдем қызметінің аға фельдшері Сая Рысбай Nur.kz портал тілшісіне айтып берді.

"Кеше облыс әкімі мен аудан әкімі Хромтау аудандық ауруханасына келді. Алғыс хат және фельдшерлердің әрқайсысына 200 мың теңге ақшалай сыйлығын берді. Адал еңбек үшін сенім білдірді. Биік белестерді бағындырыңыздар деп, ізгі тілектерін айтып кетті. Сонша жерден келіп, алғысын білдіреді деп күткен жоқпыз. Қамқорлықты, қолдауды сездік. Танымал блогерлер де хабарласты. Елге жасалған қызмет үшін алғыс білдіріп, ақшалай сыйлықтарын жіберді. Әнші Ғаділбек Жаңай да салып жіберген. Әлеуметтік желіден көп алғыс хат келді. Барша халық медицина қызметкерлерінің жағдайын, жай-күйін түсінеді деп ойлаймыз. Адал жұмыс істейтін адамдар аз емес", - деді Сая Рысбай.

Фельдшерлер боранды күні шақыртуға кешігіп келе жатқанын айту үшін диспетчерге түсірген видео бұлай тарап кетеді деп ойламаған.

"Боранды күнгі жұмысымыз әлеуметтік желіде тарап кетті. Ол шақыртуға кешігіп баратынымызды айтуға диспетчер үшін түсірілген еді. Алдымыз көрінбейтін боран болды. Жас болған соң қардың үстімен жүре аламыз ба деп алдыға түстім. Қардың биіктігі бойыммен бірдей. Екі метрге жетеді. Көшемен жүргенде үйлердің қақпасының үстінен қарадық. Тұрып жүру мүмкін болмады, еңбектеп қана жүрдік. Қазір қиындық жоқ. Көшеміздің бәрі ашылды. Облыс әкімінің өзі қолымыздан қысып, алғыс айтты. Мұндайды күтпедік",- деді фельдшер Қайрат Тілеу. 

Еске салсақ, ақтөбелік фельдшерлер қолайсыз ауа райы кезінде науқастан түскен шақыртуға тізеден қар кешіп бара жатқан сәтін видеоға түсірген. Желіде жарияланған бейнежазба лезде тарап кетті. Жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ақтөбелік фельдшерлердің еңбегін атап, әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Министр науқастың өмірі үшін түрлі қиындықты жеңіп шығуға дайын медицина қызметкерлеріне алғыс айтты.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды