«Құлыншақ, адамдардың қатыгездігін кешіре ғой»: Түсіпбаева әнші Бейбіт Қорғанды өзімшіл деп айыптады

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2024, 16:35
2890
«Құлыншақ, адамдардың қатыгездігін кешіре ғой»: Түсіпбаева әнші Бейбіт Қорғанды өзімшіл деп айыптады коллаж smartnews.kz

Ересектер баланы аямай жатыр деген пікір білдірді Меруерт Түсіпбаева.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әнші Меруерт Түсіпбаева әріптесі Бейбіт Қорғанның некесіз баласы бар деген дауға қатысты пікір білдірді. Ол Бейбітті өзімшіл деп айыптап, баланың тағдырына алаңдады.

«Осы жазбаны жазар алдында көп ойландым, өзім де ұл өсіріп отырмын ғой. Ер-жігіттің басына нелер келіп-кетпейді?! Европаның екі қаласының ортасындағы уақыт шамамен бір сағат. Бағдарламаның ДНК тапсырған бөлімін көріп қалып, көңілім су сепкендей басылып, жабырқау күйге түсіп, құлазыдым.

Арнаның журналистеріне рейтинг керек, ол түсінікті. Көрерменше шоу қажет. Басында келіскенімен, бес жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген әйел мен еркектің жағдайы да белгілі... Ал бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала, ертең есейеді ғой, мынау дау-дамайды көріп, намыстанып, қандай сезімде болады екен. Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін бүркемей, бажырайтып көрсетуге құқылы ма ересектер?! Этика қайда? Ертең-ақ ержетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, сол кезде осы шу оның алдағы өмірініе әсер етуі әбден мүмкін емес пе? Ересектер, неге сонша қатал болдық екен?..

Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті. Қанша ашулы болса да (оның баласы болмаса да) бір кінәсіз, күнәсіз сәби ғой, өзі аурушаң екен. Әкесіз өсіп жатыр екен. «Маған арман» деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой.

Бағдарламаны қарап отырып, «эх, шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой» деген ой келді маған. Бірақ, еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. Тек өзінің ЭГО-сын, комфортын ойлап отырған жайы бар сияқты. Ал білгенге, мұндай тәп-тәтті ботақан – талайларға арман. Аман бол, құлыншақ! Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой. Алла жар болсын саған!» деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.

Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды