Танымал тележүргізуші Ирина Тен сәбилі болды
Журналист өмірге екінші сәбиін әкелді.
SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, тележүргізуші, журналист Ирина Тен сәби өмірге әкелді.
Әр жылдары "Таңшолпан" бағдарламасын жүргізген Ирина Тен өмірге сәби әкелді. Белгілі болғандай, журналист қызды болған.
"Қош келдің, қызым!", - деп жазды тележүргізуші.
Ирина Теннің оқырмандары мен әріптестері жылы лебіздерін білдірді.
"Бауы берік болсын, Ириска", "Кішкентайдың бауы берік болсын! Қуанышқа өссін. Ирина, аман-есен жаныңыздың қалғанына тәуба", "Ирина Құттықтаймыз! Бақыт пен денсаулық тілеймін!", "Әлем махаббатымен тербетсін өмір бойы", "Кішкентай прешітелеріңіз,бөбектеріңіз құтты болсын! Денсаулығы мықты,ғұмырлы болсын. Шаңырақтарыңыз шаттық, қуаныш, бақыты нұры үзілмесін", - деп жазды оқырмандары.
Материал авторы