Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім, барлық жерді шарладым - Нысаналық актер Жарас Ахметов

Аиса Махамбет Редактор
10.02.2024, 18:46
2134
Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім, барлық жерді шарладым - Нысаналық актер Жарас Ахметов ашық дереккөзден

Актердің айтуынша, әкесі үйден кетіп, қайта оралмаған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, «Нысана» әзіл-сықақ театрының актері, әзілкеш Жарас Ахметов өзінің өміріндегі қиын сәттерді айтты. Ол «Нұрлы жан» YouTube-арнасына берген сұхбатында өзінің әкесі із-түссіз жоғалып кеткенін, әлі күнге дейін таппай жүргенін айтты.

«Анам, келіншегім, бес балам, бәріміз бірге тұрамыз. Төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отырмыз. 2007-жылы әкем жоғалып кетті. Қарындасымның үйіне барып, «Барлықтарыңа ризамын» деп бір-ақ ауыз сөз жазған. Соны әлі күнге дейін түсінбеймін. Бұл жағдайды тек ең жақын, жанашыр адамдарымыз ғана білетін. Еш жерге жариялап айтпағам.

Бір жарым жыл іздедім. Қазақстан бойынша, қай жерден қандай сыбыс шығады, сол жерлердің бәріне бардым. Төрт ай БИЧ-тердің қасында жүрдім. Үйсіз-күйсіз жүрген кісілерге әкемнің суретін көрсетіп, олар бірдеңе айту үшін ас-суын әперіп, барлық жерді шарладым. Дерек шықпады», - дейді актер.

Сондай-ақ актер халықтың әкесін тауып беруге көмектескенін қалайды. Ол сұхбат барысында әкесіне сәлем де жолдады.

«Әлі де үмітімізді үзбейміз. Осы сұхбатты көріп, бірақ қайтып келуге ұялып отырса... бәрін кешіреміз. Табылып қалса нұр үстіне нұр болар еді.

Әкенің орны бөлек. Мені таксист боп жүріп оқытқан. Өнерге барғанымды қатты қалап, Жүргенов атындағы өнер академиясына ертіп апарған еді. Әкемнен бір ұл, бір қызбыз. Сағынамыз, іздейміз. Әкемнің аты – Ахметов Кәміл Болатұлы. Көрген-білген адам болса, хабар берсеңіздер», - дейді Жарас Ахметов. 

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды