Павлодар облысында 19 жастағы қыз сотқа жүгініп, әкесінен жоғары оқу ақысын төлеуді талап еткен

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2024, 17:55
1487
Павлодар облысында 19 жастағы қыз сотқа жүгініп, әкесінен жоғары оқу ақысын төлеуді талап еткен iStock

Қыз соттан әкесінен 21 жасқа толғанға дейін оқуы және асырау үшін алимент өндіруді сұрады.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, 19 жастағы қыз әкесінен жоғары оқу ақысын төлеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Студент қыз әкесі 21 жасқа дейін материалдық жағынан көмектесуге міндетті екенін айтты. Бұл туралы kaz.nur.kz жазды.

Успен аудандық сотының дерегінше, 19 жастағы қыз әкесінің үстінен шағым түсірген. Ол соттан әкесінен 21 жасқа толғанға дейін оқуы және асырау үшін алимент өндіруді сұрады. Қыз университетте күндізгі бөлімде оқиды, сондықтан қаржылық қолдау қажет екенін айтқан.

Студент пен әкесі сөйлесіп, істі бейбіт жолмен шешуді ұйғарған. Келісім бойынша ер адам қызының жоғары оқуына ақша төлеуге, сонымен қатар оқу кезінде оған қаржылай көмектесуге келіскен. 

«Сот отырысында тараптар сотқа медиациялық келісімді ұсына отырып, істі медиация тәртібімен қысқарту туралы өтініш білдірді. Оның талаптары бойынша қызы талап арыздан бас тартып, ал әкесі оны оқу кезінде қолдауға міндеттелді», - деп хабарлады Успен аудандық сотынан.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды