«Аятжан Ахметжанды қудалауды тоқтатыңыз!». Депутат министрге талап қойды

Аиса Махамбет Редактор
11.02.2024, 17:02
1160
«Аятжан Ахметжанды қудалауды тоқтатыңыз!». Депутат министрге талап қойды ашық дереккөзден

Халық қалаулысы әлеуметтік желіде өзін белгілеп, жанайқайын жазатын мұғалімдердің көп екенін айтты.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа сауал жолдап, өз пікірі бар ұстаздарды қудалауды тоқтатуды талап етті. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

«Мәселен, Батыс Қазақстанда Тілекқабыл Нұрышев, Оңтүстікте Өмір Шыныбек секілді мұғалімдер бар. Оларды сотқа беріп, қудалаумен жүр. Өзіңіз әр сұхбатыңызда «Мен ұстаздарға қорған боламын» дейсіз. Сонда аталған мұғалімдерді неге, неліктен сотқа берді? Қудалау қашан, неден басталды?» – деді депутат министрге қарата.

Артынша Астана қаласындағы №90 гимназияның директоры болған Аятжан Ахметжанұлы туралы да сөз қозғады.

«Мен сізге тікелей қыркүйек айында оның білім ошағының лицензиясына, оны қорғауға қатысты сұрақ қойдым. Бүгінгі таңда арнайы тексеріс жүріп жатыр екен. Не үшін? Аятжан Ахметжанды қудалауды тоқтатыңыздар. Мұның артында Оқу-ағарту министрлігі тұрса, доғарыңыздар. Қытайдан бір қандасымыз келіп, ұлттық мектеп құрамын деп жүрсе, қолдауымыз керек. Қолдай алмадық екен, тым болмаса қудалауды тоқтатайық. Ол елдігімізге де, азаматтығымызға да, сізге де сын», – дейді Жұлдыз Сүлейменова.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады