Кореяда заңды түрде жұмыс істеу үшін не істеу керек – министр жауап берді

13.02.2024, 17:51
922
Кореяда заңды түрде жұмыс істеу үшін не істеу керек – министр жауап берді primeminister.kz

Бүгінде Оңтүстік Кореяда 22 мың қазақстандық жүр, оның 6 мыңында виза мерзімі өтіп кеткен. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Кореяда заңды жұмысқа бару үшін не істеу керегін айтып берді.

 

Қазақстан басқа елдерде жұмыс істейтін отандастардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша 8 үкіметаралық келісім бекітеді.

«Оңтүстік Корея бойынша мемлекеттік органдармен келісімшарт келісілді, мақұлданды және Сыртқы істер министрлігі арқылы Корея тарапына жіберілді. Қазір Корея тарапы бұл келісімді қарастырып жатыр. Енді біз Алматы қаласында әл-Фараби университетінің негізгі сертификациялау орталығында Кореяға шығатын азаматтардың білім сапасын тексеру мен аудит жасау орнын әзірледік», - деді С.Жақыпова министрліктің алқа отырысында.

Сонымен бірге, Қонаев қаласында өндірістік базалар дайындалды, онда Кореяға барғысы келетін қазақстандықтар 2-4 айға дейін тілдік және мамандығына қарай өндірістік дайындықтан өте алады.

«Дайындықтан өткен адам корей тілі мен біліктілігі бойынша тест тапсырады. Оны Кореядан арнайы келген аудитор қадағалайды. Барлық сынақ кезеңінен өткен адам Кореяға барып, заңды түрде еңбек ете алады», - деп түсіндірді Еңбек министрі.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды