Кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың тағы 8 адамы ұсталды

14.02.2024, 11:25
725
Кеншілерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың тағы 8 адамы ұсталды Polisia.kz

Қарағанды облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ жұмыскерлері мен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Еске сала кетейік, Ішкі істер министрлігі өткен жылдың желтоқсан айында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстаған.

Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды.

Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүрді.

Тергеу барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды. 

Сондай-ақ олардың “Қазақстан темір жолы” АҚ объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды.

Осыған орай осы жылдың 13 ақпанында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар тағы 8 адамды ұстады. 

Полиция қызметкерлері 25 тінту жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрі және діни кітаптар тәркіледі. 

Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Аталған жұмыстар Ішкі істер министрлігінің бақылауында. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды