Қыз зорлады деген айыппен сотталған блогер ақталып шықты

14.02.2024, 11:59
2288
Қыз зорлады деген айыппен сотталған блогер ақталып шықты duman_neo

Қыз зорлады деген айыппен 5 жылға сотталған блогер Думан Ерқанат ақталып шықты. Алайда жәбірленуші шешіммен келіспей, Жоғарғы сотқа шағымдануға ниетті.

Stan.kz хабарлауынша, 2023 жылы 13 қыркүйекте қаржы сауатын үйрететін блогер қызды зорлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданған.

23 қаңтарда сот алқасы Думан Ерқанатты кінәсіз деп танып, ақтады. Сот алқасының құрамында Е.Дәулиев, С.Сәкенов және Б.Бұрымқұлов болған. Жәбірленуші бұл шешімді негізсіз деп санайды және әділдікті талап етеді. Қыздың айтуынша, сот алқасы оның дәлелдерін елемей, сот этикасын бұзып, оған қысым көрсеткен және намысына тиген. 

“Олар бірінші сатыдағы сотта блогердің өз кінәсін мойындап, өкінгенін ескерген жоқ. Тіпті мені сотта “тәжірибелі әйел” деп  қорлап, қолданыстағы менің қорғану құқығымды бұзды. “Неге зорламақ болған кезде қарсыласып, оны ұрып, тырнамадың?” деп сұрақтың астына алды. Бірақ мен 45 келі ғанамын, мен оған қалай қарсы тұрамын?! Әлде судьялар құрбандардың барлығы бірдей әрекет етуі керек деп есептей ме?”, – деді қыз. 

Ол сотқа дейінгі процесте блогердің Қырғызстанға қашып кетпек болғаны да еленбегеніне наразы. Айтуынша, судья “мұның еш қатысы жоқ” деген. 

Жәбірленушінің сөзінше, сот отырысында сот алқасы қыздың жекесіне өтіп, тақырыптан ауытқыған көрінеді.

“Сот алқасы қазақ бола тұра қазақша сөйлемегенім үшін мені сынның астына алды. Аудармашыны қажет етсем де, өтінішімді елемеді, тек өздері орысша айтып тұрды. Бұған сотталушының адвокаты әсер етсе керек. Себебі ол өзі бұрын сот жүйесінде жұмыс істегендіктен, судьялармен жақсы қарым-қатынаста. Артынан Думан Ерқанат жазадан сытылып, осы ісін жалғастырса, маған қайтадан шабуыл жасаса, бұған кім жауап береді? Бұрынғы әдетіне қайта салып, басқа қызға тиіссе ше?”, – деді ол. 

Апелляциялық сот үкімі бойынша Думан Ерқанатты бірінші сатыдағы сот өз кінәсін мойындағаны үшін соттап жіберген. Алайда қыздың зорланғаны туралы айғақ жеткіліксіз деп таныпты. Мұндай шешімге не әсер еткенін сот алқасы былай деп түсіндірген.

“Ол зорлану барысында айқын қарсылық көрсетпеген, себебі Д.Ерқанаттан дене жарақаттары анықталмады. Заттай дәлелдемелерді зерттеу хаттамасы бойынша оның киімі жыртылмаған. Думан Ерқанатқа қатысты Бостандық ауданы №2 аудандық сотының 2023 жылғы 13 қыркүйектегі үкімі жойылсын, іс бойынша жаңадан ақтау үкімі қабылдансын. Думан Ерқанатқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының күші жойылсын, дереу қамаудан босатылсын”, – делінген сот үкімінде.

Бұған дейін жәбірленуші қаржы сауатын үйрететін блогерден зорлық көрдім деп редакциямыздан көмек сұраған. Соттың бірінші инстанциясы бойынша блогер қызды зорлағаны үшін сотталып, жәбірленушіге талап арызы үшін 3 миллион 117 мың теңге төлеуге міндеттелді және бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қыз апелляция барысында шешімге біреулер әсер етіп кетеді деп қорықты.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады