1007

Теміртауда жарылыс болған дүкеннің астынан бір әйелдің денесі табылды

Теміртаудағы жарылыстан кейін қирап қалған дүкен ғимаратының астынан бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Теміртауда жарылыс болған дүкеннің астынан бір әйелдің денесі табылды
Вечерняя Караганда

Таңғы 09:49 кезінде құтқарушылар үйінді астынан әйелдің денесін сыртқа шығарды.

Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін растады. 

Еске салайық, бүгін таңғы 08:06 кезінде Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Дүкен қирап, өртенген. 

Тексеру және барлау барысында үйінді астында қалғандардың орналасқан жері анықталды. 

Үйіндіні бөлшектеп жатыр.

Бұл жұмысқа ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды.