Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы онлайн-портал ашылады

15.02.2024, 13:23
538
Қазақстанның мәдени құндылықтары туралы онлайн-портал ашылады Виктор Федюнин/Kazinform

Биыл 8 тілде ақпарат тарататын «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады. Онда әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетімізбен таныса алады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтып берді.

 

«Еліміздің мәдени саласында шешілмеген дүние көп, бірақ бұл бізде толыққанды қалыптасқан, бай мұрасы, елге көрсетер тәлім-тәрбиесі, мақтанышпен айтар әңгімесі бар төл мәдениет жоқ деген сөз емес. Біз барымызды ұқсатып, жоғымызды жаңғыртып, ең алдымен, өз халқымызға, сосын сыртқы жұртқа ұсынуымыз керек. Мәдени құндылығымызды тек музей, театр, концерттерге шақыруымен, көрмелер мен турлар ұйымдастырумен шектемеуіміз қажет», - деді А. Балаева Қазмедиа орталығында министрліктің алқа отырысында.

Осы ретте, биыл алғаш рет 8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады.

«Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Мұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 млн «виртуалды турист» қабылдайды», - дейді А. Балаева.

Бұған дейін Мәдениет министрі «Қазақфильм» киностудиясының қазіргі жай-күйі туралы пікір білдірген еді.

Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша қолдан келгеннің бәрін жасадық – СІМ Айжұлдыз бен Сәкеннің Мальдивтегі романтикасы күтпеген жағдаймен аяқталды (ВИДЕО) Пәкістанда бала некесіне заңмен тыйым салынды Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды Ұлыбритания соғысқа дайындық режиміне көшті – Стармер 21 млрд теңге жымқырған: «Amanat Drive» қаржы пирамидасы әшкереленді Haribo конфеттерінен каннабис табылды Каналға шомылуға барған бала суға батып кеткен Басты айыпталушы Абзал Шынасыл тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді Сотталушы Шерзаттың өліміне әкесі Қаржаубайды кінәлады Синоптиктер Алматы мен Астана тұрғындарына ауа ластануына байланысты ескерту жасады «Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты