Maqsut Narikbayev University-де MIND ғылыми-талдау орталығы ашылды

15.02.2024, 17:23
963
Maqsut Narikbayev University-де MIND ғылыми-талдау орталығы ашылды MNU

MIND талдау орталығы ғылыми ой мен тәжірибені «Think & do tank» форматында біріктіретін алаң.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, ​бүгін Maqsut Narikbayev University-де MIND (Maqsut Narikbayev Institute for Network and Development) қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығының ашылуы өтті. MIND талдау орталығы ғылыми ой мен тәжірибені «Think & do tank» форматында біріктіретін алаң. Аталмыш форматтың ерекшелігі тек ұсыныстар беру емес, әрекет етуге бірегей мүмкіндік жасау.

MIND-тың ұстанымы Орталық Азия мен жалпы әлемде тұрақты даму мақсатына жетуге ұмтылу және қолданбалы зерттеулер үшін сарапшыларды біріктіру. Сондайқ,талдау орталығының құндылықтары жүргізіліп жатқан зерттеулердің тәуелсіздігінен, академиялық адалдықтан, ынтымақтастық пен серіктестіктен, ашықтықтан, қоғаммен байланыстан және нәтижелерге қол жеткізуден тұрады. Орталықтың мақсаты Тәуелсіз қолданбалы зерттеулер жүргізу, стратегиялық шешімдер қабылдау сапасын дамыту, кеңес беру, әріптестік орнату және MIND институционалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

MIND - бейтарап аналитика шығаратын тәуелсіз идеялар фабрикасы екенін және Maqsut Narikbayev University профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуетіне сүйенетінін айта кету керек.  

Айта кету керек, MIND орталығы MNU мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бірлескен жобалық кеңсесі, бұл халық пен бизнестің кең топтарының биліктің заң шығарушы тармағымен байланысын қамтамасыз етеді және өзекті заңнамалық бастамаларды әзірлеуге ықпал етеді.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз сөзінде күрделі геосаяси, экономикалық және өңірлік жағдайларда аналитика, сараптамамен жұмыс істеудің өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ ол Ғылым және жоғары білім министрлігі MIND ғылыми-талдау орталығының жобалары мен бастамаларын қолдауға дайын екенін айтты.

Іс-шара аясында MIND-тің кейбір ғылыми зерттеулерінің нәтижелері таныстырылды және соңында ғылыми орталық бойынша экскурсия өткізілді, оның барысында бірқатар халықаралық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік компаниялармен әріптестік келісімдер жасалды.

Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Нәрікбаев өз сөзінде ғылыми орталықтың ашылуына келген барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

«Қазіргі уақытта университет оқытушылық бағыттан, зерттеу бағытына көшуге арналған жаңа даму стратегиясын әзірледі, ал MIND қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығы осы стратегияның ажырамас бөлігі»,- деді Талғат Нәрікбаев.

MIND талдау орталығының жетекшісі Альтаир Ахметов өзінің құттықтау сөзінде қоғамды, бизнесті және мемлекеттік органдарды талқылауға және бірлескен шешімдерді әзірлеуге тарту арқылы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыратынын атап өтті.

Қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанатына Үкімет Аппаратының, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктердің, жергілікті атқарушы органдардың, талдау орталықтарының, жоғары оқу орындарының және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды