1138

Белгісіз ер адам төрт баланың қолын байлап, азаптаған видеосы тарады (ВИДЕО)

Оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданында тіркелген.

Белгісіз ер адам төрт баланың қолын байлап, азаптаған видеосы тарады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, желіде белгісіз ер адамның төрт баланың қолын байлап, ұрып-соққан видеосы тарады.

Оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданында тіркелген. Бейнежазбада балаларды пышақпен қорқытып жатқаны анық көрінеді. Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі, – деді ол.

Полиция басқармасының бастығы қылмыстық істі өз бақылауына алғанын айтты. Артынша күдіктінің ұсталғаны, қазір тергеу изоляторында отырғаны туралы облыстық полиция департаментінің бастығы айтты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор