Шопан қорада өзіне қол салған: Түркістан облысында 500-ден астам мал жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Аиса Махамбет Редактор
17.02.2024, 16:16
6506
Шопан қорада өзіне қол салған: Түркістан облысында 500-ден астам мал жұмбақ жағдайда жоғалып кетті бейнежазбадан алынған кадр

Қойшыға барлығы 32 отбасы 555 малын тапсырған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Түркістан облысына қарасты Шолаққорған ауылының азаматтары бір күнде бес жүз бас малынан айырылды. Қойшы өз-өзіне қол салған. Ең сорақысы, қорада азамат асылып тұрғанда, малға қол салғандар айласын асырып үлгерген. Бұл туралы Almaty.tv арнасы жазды.

Созақ ауданы Шолаққорған ауылының полиция бөліміне жиналған бұл жұрт 3 айдан бері қойшыға қосып жіберген малын таппай жүр. Былтыр 11 қарашада төрт түлікті әкеткен қойшы Ғалымжан Өзбеков ауыл іргесіндегі қорадан өлі күйінде табылған. Ертеңіне малын іздеген ел жайылымға жіберген бір саулықты да әкеле алмапты. Жұрт жаназамен әуре болып жүргенде ауылдық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы тұяқтыларды айдап әкеткен дейді.

– Бізге толыққанды жауап айтқан жоқ. «Қойшы өліп қалған. Өліп қалған адамнан не сұраймыз?» дейді. Малды полиция бөлімінің бұрынғы басшысы Әлімбеков Жүнісхан мен Қыдырбай деген кісі бөліп алды. Үйіне келсек «қараңғы болып кетті, ертең азанда келіңіздер» дейді. Ал таңертең бірыңғай көк сырға тағып тастаған, – деді облыс тұрғыны Асқар Есжанов

Қойшыға барлығы 32 отбасы 555 малын тапсырған. Ең көп шығын көрген бір азамат тіпті 80 бас түлігінен айырылып отыр. Прокуратура мен полицияға арызданған жұрт «шенділер өзімізге шабуыл жасап әлек» дейді. Олар өздеріне тиесілі тұяқтыларды танығанымен, амал болмай тұр.

– Ағасы «малды ертең жаназа өткеннен кейін, бөліп беремін» деді. Оған жеткізбей бөлініп кеткен. Қыдырбай дегеннің үйіне барып, үш бас малымды танып, алдым. Мен сияқты қанша адам таныды. Бәріміздікін бермеді. Полиция шақырдық, олар алып бере алмады. Себебі малдың бәрін сатып жіберген, – деді облыс тұрғыны Досалы Омаров.

Ал Түркістан облысының полиция департаменті өз-өзіне қол салды деген қойшының үстінен іс қозғаған.

Түркістан облысының Полиция департаменті:

«Созақ ауданы тұрғындарының арызына сәйкес ауызша өзара уәделесіп мал бағумен айналысқан шопанның мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қазіргі уақытта тергеу-жедел тобы қажетті іс-шаралардың барлығын жүргізуде, олардың нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатын болады»

Көктемде төл аламыз ба деп отырған шолаққорғандықтар бар малынан айрылды. Жұрт жұмысына салғырт қараған полицейлерді кінәлайды. Тұрғындар бас прокуратураға арызданбақ.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)