Желіде Петропавл мектептерінде «атыс жасаймыз» деп хабарлама таратқандар елді үрейлендірді

Аиса Махамбет Редактор
18.02.2024, 13:15
699
Желіде Петропавл мектептерінде «атыс жасаймыз» деп хабарлама таратқандар елді үрейлендірді nur.kz

Хабарламалар анонимді Telegram-каналда пайда болған.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде мектеп оқушыларына шабуыл жасалатыны жөнінде хабарламалар қайта тарап жатыр. Бұл жолы авторлар Петропавл мектептерінде атыс болатынын хабарлаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Аталмыш хабарламаларды таратып жатқандар 19 ақпан күні Петропавлдағы бірқатар мектепке шабуыл жасауды жоспарлап отырғандарын айтты.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті желіде тарап жатқан қауіпті хабарламаларға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, оқушыларға шабуыл жасау жөніндегі хабарламалар анонимді Telegram-каналда пайда болған. Полиция қызметкерлері қазіргі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды іске асырып жатыр. Оқу орындарында күзет күшейтілген. 

"Оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша қажетті шаралар қолға алынды. Бір күн бұрын полицияға қала мектептерінің оқушыларына қауіп төндіретін посттар орналастырылған анонимді Telegram-арнаның бар екендігі туралы ақпарат келіп түсті. Осы жарияланымдардың авторын анықтап, мазмұнын тексеруге облыстық және қалалық полицияның жедел қызметтері мен бейінді бөлімшелерінің қызметкерлері тартылды. Бұл мәселе полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", - делінген ресми хабарламада.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген