1079

«Таяқ жеп жүретін адам емеспін»: Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спорттан кететінін айтты

«Мемлекеттік қызметке менің сабырым жетпейтін сияқты» дейді файтер.

«Таяқ жеп жүретін адам емеспін»: Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спорттан кететінін айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының Youtube арнасына берген сұхбатында айтты. 

Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шыққандағы сезімі жайлы айтты.

«Жекпе-жекке жай төбелесіп, жеңілемін деген оймен шықпаймын. Бар күшімді көрсетемін. Мен жеңілемін немесе қарсыласым жеңіледі деген оймен шығамын. Сол үшін шығар жеңіске жетіп жатқаным. Егер осындай ойым болмаса мен шықпай-ақ қоямын. Мотивациям жоғалса, мінез жағынан басқаша ойлайтын болсам, спортты тастап кетемін. Мен жекпе-жекке шығып, біреулерден таяқ жеп жүретін адам емеспін. Намысым жібермейді», – деді Шавкат Рахмонов.

Қазақстандық файтер спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын да сөз етті.

«Кәсіппен айналысқан дұрыс қой. Өзіңе-өзің бастық боласың. Ал мемлекеттік қызметке менің сабырым жетпейтін сияқты. Бірақ уақыт көрсетеді. Жақсы ұсыныс болса, күшім жететіндей немесе пайдам тиетіндей жұмыс болса жасаймын», – деді Шавкат Рахмонов.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор