1495

Елімізге жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынбақ

Қазақстанға тауық жұмыртқасын автокөліктермен әкелуге 6 айға тыйым салынады.

Елімізге жұмыртқаны автокөлікпен әкелуге уақытша тыйым салынбақ
canva.com
 

Ауыл шаруашылығы министрінің аталған бұйрығы 2024 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі

«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген бұйрық мәтінінде.

Ашық НҚА-ға жарияланған бұйрық биыл 1 наурызға дейін қоғам талқысына ұсынылып отыр.