Оқушылардың мектепте намаз оқуына бола ма – министр жауабы

20.02.2024, 12:21
1226
Оқушылардың мектепте намаз оқуына бола ма – министр жауабы canva.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп намаз оқуға емес, білім алуға арналған орын екенін ескертті.

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқушылардың мектепте намаз оқып жатқан видеосы жарияланған болатын.  Halyq Uni хабарлауынша, ведомство басшысы аталған жағдайға қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бүгінде біз жағдайды анықтап жатырмыз. Оқиғаның қай мектепте, қай өңірде болғаны әлі белгісіз. Толық мән-жай анықталған соң белгілі бір шаралар қабылданады. Біз алдымен оқиғаның қайда болғанын анықтап алуымыз керек, - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Журналистер «Жалпы мектептерде намазхана болуы керек пе?» деп сұрағын нақтылады.

Ғани Бейсембаев мектептің намаз оқитын жер емес екенін ескертіп, онда оқушылар білім мен тәрбие алуы керегін айтты.

«Ең алдымен мектеп – білім мен тәрбиенің ошағы. Сондықтан мектепте ұстаздарымыз балаларымызға білім беруі керек. Бұл туралы біз үнемі айтып жүрміз. Бұл ұстанымнан біз тайған емеспіз. Сондықтан басқа мәселені көтерудің қажеті жоқ. Жалпы мектеп – сапалы білім мен тәрбиені үйретуге арналған орын. Сондықтан бұл мүлдем мүмкін емес», - деді ведомство басшысы.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды