Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге сот үкімі шықты

20.02.2024, 18:24
820
Алматы облысында күйеуін жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйелге сот үкімі шықты canva.com

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда, сотталушының айғақтарымен, куәлардың жауабымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді.

Aikyn.kz хабарлауынша, Алматы облысында ер адамды жолда кетіп бара жатқан жүк көлігінің астына итеріп жіберген әйел адамға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен ("Басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату") фактісі бойынша сотқа берілген К.-ға қатысты үкім шығарды.

«2023 жылдың қазанында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болып кеткен», – делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі толығымен дәлелденген және қылмыстық іс материалдарымен расталған, атап айтқанда, сотталушының айғақтарымен, куәлардың жауабымен және сотта зерттелген басқа да айғақтармен дәлелденді.

«ҚК-нің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған. Ал ауырлататын мән-жай – алкогольді масаң күйде қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Сот үкімімен сотталушы К. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды»,–  делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енбеді.     

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген